Көші-қон комитеті делдалдарға сенбеуді ескертті
Еліміздің көші-қон комитеті делдалдарға сенбеуді ескертті. Себебі елге қоныс аударған қандастарға ақылы қызмет түрін ұсынатындар көбейген. Олар құжаттарды рәсімдеуді жеделдетуге, қазтестен өтуге немесе мемлекеттік қызметтерді жедел алуға көмектесуге уәде береді. Бірақ мұның бәрі заңсыз. Сондықтан көші-қонға қатысты сұрақ туындаса жергілікті атқарушы органдарға, қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарына немесе Көші-қон комитетіне тікелей жүгіну қажет. Себебі делдалдарға сенгендер сан соғып қалады.
Нұрбол Байсынов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің басқарма басшысы:
Көмектесушілер ақшамен бірге ізін суытады. Ал мамандардың мәселесі шешілмей қалады. Осының нәтижесінде көшіп келушілер қажетті уақыттарын жоғалтады. Құжат тапсыру мерзімін өткізіп алады және елде заңды тұру мәртебесіне қауіп төнеді. Қандас мәртебесін алу үшін жергілікті атқарушы органдарға, «migration.enbek.kz» сайтына немесе ХҚКО құжаттарын тапсырса болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы