Басты Жаңалықтар Зерттеу: Қазақстандықтардың 86,7%-ы Президентке сенім білдіреді

Зерттеу: Қазақстандықтардың 86,7%-ы Президентке сенім білдіреді

Зерттеу: Қазақстандықтардың 86,7%-ы Президентке сенім білдіреді

Қазақстандықтардың басым бөлігі негізгі мемлекеттік институттарға сенім білдіріп, елдегі жағдайды оң бағалайды. Бұл Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізген 2026 жылдың III тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуалдың негізгі индикаторлары зерттеуінің нәтижелерінен көрінеді. Зерттеу аясында 31 шілде мен 16 тамыз аралығында 2 400 қазақстандық арасында сауалнама жүргізілді.

Ел Президентіне деген сенім деңгейі өсіп келеді – 86,7%. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 3 пайыздық тармаққа өсті.
Сенімнің жоғары деңгейі негізінен енгізіліп жатқан өзгерістердің ұдайы қоғам назарында болуымен байланысты. Респонденттердің 65,8%-ы Президенттің бастамалары туралы ақпаратты тұрақты түрде немесе оқтын-оқтын алып тұрады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар бастамалары, оның ішінде өткен жылы Қазақстан халқына Жолдауында айтылып, қазіргі уақытта іс жүзінде іске асырылып жатқан бастамалары азаматтар тарапынан қолдау тауып отыр.

Үшінші тоқсан қорытындысы бойынша ең көп қолдау тапқан үш бастаманың қатарына бір палаталы Құрылтайға көшу, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау, сондай-ақ «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алуға арналған қаражатты есептеу және пайдалану бастамалары кірді.

Технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым саласындағы, сондай-ақ «Таза Қазақстан» аясында іске асырылатын бастамалар айтарлықтай қоғамдық қызығушылық тудырып отыр.


Бөлісу