Ақ Олимпиаданы қолдау шарасы өтті
Ақ Олимпиада ойындары сәт санап жақындап келеді. Сочи қаласында бірер уақыттан кейін 22-ші Қысқы Олимпиада жалауын көтерді. 80-нен аса елдің спортшылары медаль еншілеу үшін жан беріп жан алысатын кезде алыс емес.
Біздің саңлақтар да барын салады. Дегенмен, оларды қолдау артық етпес. Бүгін Астанада олимпиадашыларды демеу мақсатында флеш-моб ұйымдастырылды.
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Шамамен бір жарым сағаттан кейін 4 жылда бір келетін байрақты бәсеке, Сочи Олимпиадасының ашылу салтанаты басталады. Бүгінде біздің саңлақтар спорт додасына тас-түйін дайын. 52 спортшымыз сынға түседі. Енді тек олардың бабы мен бағы қатар шапса деген тілек бар. Кеше 200-ден аса жанкүйер Ақ Олимпиадаға аттанып кетті. Олар споршыларымызға рух беріп, жігерін жаниды. Сол секілді жанкүйерлер легі қазір «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығына жиылды. Шамамен 150-аса жастар осы жерге жиылып ұран айтып, флеш-моб ұйымдастырды.
Шынар Қалмұхан, ұйымдастырушы:
Біз Қазақстан Ұлттық құрамасын қолдау ретінде бас демеушіміз «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен осы шараны өткізіп жатырмыз. Тілегіміз де, ниетіміз де тек қана жеңіс. Оларды әрдайым қолдаймыз. Жеңіске бірге жетейік!
Көп тілегі көл демекші, спортшыларымыз жеңіспен оралады деген үміт бар. Айтар болсақ, конькимен жүгіру, шаңғы тебуден, және мәнерлеп сырғанаудан олжалы боламыз деген болжам бар.
Өйткені Полторанин, Кузин, және Денис Тендер осы уақытқа дейін бірнеше додаларда топ жарған. Олимпиададан бәрін күтуге болады, өзге спортшылармыздың да қанжығалары майланып жатса, нұр-үстіне нұр.
Сәкен СЕЙТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06
Алматыда ОСК төрағасы сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді
15.08.2026, 20:05