Сочиде Олимпиаданың ашылу салтанаты болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде Олимпиаданың ашылу салтанаты болады

07.02.2014
Сочиде Олимпиаданың ашылу салтанаты болады
Бүгін Сочиде XXII Қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылуы болады. Салтанатты шара жергілікті уақытпен сағат кешкі 20.00-де басталады. Ал бізде түнгі сағат 22.00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей көрсетілімі ұсынылады.
 
Олимпиаданың ашылу салтанатына бірқатар елдердің президенттері, БҰҰ бас хатшысы және бірқатар белгілі саясаткерлер де қатысады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та осы жиынға қатысу үшін Сочиге ұшып кетті.
 
Жалпы Ақ Олимпиадаға еліміздің құрамасы 58 жолдама ұтты. Оның 14-і шаңғымен жүгіруден, 10 спортшы биатлонда бақ сынайды. Ал, конькимен жүгіру, шорт-трек және фристайл мен шана спортында 6 жолдамадан.
 
Тау шаңғысы жарысында 4 спортшымыз ел намысын қорғайды. Мәнерлеп сырғанау, шаңғы қоссайысы мен сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіру бойынша екі спортшыдан жарыс жолына шығады.

Хабарламаларға жазылу