Сочи-2014 үш мың дүркін атылатын отшашумен ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014 үш мың дүркін атылатын отшашумен ашылады

07.02.2014
Сочиде XXII Қысқы Олимпиада ойындары  3,5 мың дүркін атылатын отшашумен ашылады.   Дүбірлі доданың ашылу салтанаты бүгін «Фишт» Олимпиада стадионында Астана уақытымен сағат 22:14-те басталады. 
 
Мұндағы қойылымдарға би, балет, акробатика, цирк нөмірлерін қосқанда жоғары және орта оқу орындарында білім алатын барлығы 3000-нан астам жас, сондай-ақ, кәсіби шығармашылық ұжымдары қатысады. Шараға қатысушылар үшін 6000-нан астам костюм тігілген.
 
Ұйымдастыру комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшылар сахнаға стадион орталығында орналасқан 48 метрлік арнайы қалқа арқылы көтеріледі. Ұлттар шеруіне 88 делегация өкілдері қатысады. 

Хабарламаларға жазылу