Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында заманауи жедел басқару орталығы ашылды

Қарағанды облысында заманауи жедел басқару орталығы ашылды

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында заманауи Жедел басқару орталығы іске қосылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағында айтылғандай, қазіргі таңда жаңа технологияларды тиімді пайдалану өте маңызды. Осы ретте заманауи орталық – цифрлық технологиялар арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда аудан орталығында орналасқан 2500-ден аса бейнебақылау камерасының жартысына жуығы орталық жүйеге қосылған. Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен балабақшалардағы 1200-ге жуық камераның басым бөлігі басқару орталығына енгізілді. Бейнебақылау жүйесі іске қосылғалы бері 40-тан астам құқық бұзушылық тірелген. Алдағы уақытта жасанды интеллект технологиялары қолданылатын камералардың саны артпақ.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД ресми өкілі:

Мемлекет басшысы «Өзгерістерге бейімделе алатын жұрт қана уақыт талабымен жүреді» деп атап өткен болатын. Расында, қазіргі таңда қоғамдық қауіпсіздікті, қамтамасыз ету, алдын алу бағытында ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес барлық бөліністерде жедел басқару орталықтары ашылып, жасанды интеллекті бар камералар қосылып жатыр.


Бөлісу