Олимпиада күнделігі. 6-ақпан (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада күнделігі. 6-ақпан (ВИДЕО)

07.02.2014
Олимпиада күнделігі. 6-ақпан (ВИДЕО)
Сочи Олимпиадасы бағдарламасындағы биатлон жарысында қазақстандық төреші Владимир Лавягин қызмет етеді. Ақмола облысының өкілі Қысқы Олимпиада ойындарына аттанған алғашқы төреші. Ханты-Мансийскіде өткен соңғы Әлем біріншілігіндегі шеберлігін жоғары бағалаған Халықаралық федерация өкілдері оның Ресей Олимпиада комитетіне Сочи Олимпиадасына шақыртуға мұрындық болған.
 
Владимир Ловягин, Халықаралық дәрежедегі төреші:
Барлық төрешілер Сочиден 20 шақырым жердегі Адлер қаласында тұрады. Сондықтан бізге таңғы 5-тен тұрып, түнгі 11-12-ге дейін жұмыс істеуге тура келеді. Бұл оңай шаруа емес. Мен үшін үлкен тәжірибе.
 
Қазақстандық спортшылар Сочиге бірнеше күн бұрын жеткен болатын. Енді олимпиадашыларымызды қолдау мақсатында бір топ жанкүйерлер мен спорт ардегерлері Алматы әуежайынан Сочиге жол тартты.
 
Сондай-ақ, ресми делегация құрамына енетін спортшыларға қызмет көрсететін дәрігер, жаттықтырушылар да осы лекпен аттанды.
 
Сочиге жол тартқан жанкүйерлер қатарында Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те бар.
 
Жақсылық Үшкемпіров, Мәскеу Олимпиадасының чемпионы:
Олимпиада ойынынан екі алтын медаль алып қайтсақ, халқымыз қуанар еді. Мұның барлығы жастардың қолында. Жеңіс күтеміз.

Хабарламаларға жазылу