Порталдар Сочи-2014-ке қатысты материал алмас бұрын «KAZsport»-пен кеңесуі керек
Олимпиададан қандай да бір фотосуреттер мен бейнематериалдарды алмас бұрын Интернет порталдар авторлық құқық ережелерін орындауы тиіс. Яғни бейнематериалдар алу үшін «Хабар» мен «KAZsport» телеарналарымен кеңесу керек.
Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалианбеков мәлім етті.
Осы орайда комитет басшысы қосымша сауалдар туындап жатса, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының немесе «Хабар» агенттігінің заңгерлік қызметіне байланысу қажеттігін айтып өтті.
«Әсіресе, жедел ақпарат беру тартысында ақпараттық интернет порталдар қандай да бір фотосуреттер мен бейнематериалдарды беруге тырысатыны анық. Бұл тұрғыда Олимпиада басталмай тұрып, аталған телеарналардың заңгерлік қызметтерінен кешенді түрде кеңес алғаны дұрыс болар еді», - деді ол.
Айта кетейік, Сочидегі Қысқы Олипиада ойындарынан қазақстандық «KAZsport» және «Хабар» телеарналары хабар тарату құқығына ие болып отыр.
Қысқы Олипиадаға қатысты ақпараттарды «KAZsport»-тың арнайы парақшасынан таба аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06
Алматыда ОСК төрағасы сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді
15.08.2026, 20:05