Сочиде ХОК-тың 126-шы сессиясы ашылды
Сочиде Халықаралық Олимпиада Комитетінің 126-шы сессиясы ашылды. Онда осы комитеттің жаңа президенті Томас Бах сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Бұған дейін ол Олимпиаданың ашылуы салтанатына қатысудан бас тартқан кейбір мемлекеттердің басшыларын сынға алды. «Олимпиада таза спорттық оқиға. Сондықтан, оны саяси ұпай жинауға қолданбаған жөн», - дейді Бах мырза.
Сочи Олимпиадасына барудан АҚШ, Франция, Германия президенттері мен Ұлыбритания премьер-министрі бас тартып, оның себебін түсіндірген жоқ. Биылғы шараның салтанатты ашылуына Елбасы Н.Назарбаев қатысады деп жоспарланып отыр. Қысқы ойындар ақпанның 7-де Сочидің «Фишт» стадионында ашылып, ақпанның 23-де аяқталады.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дінаралық диалог өзегі – гуманитарлық ынтымақтастық
03.10.2026, 19:48
Digital Bridge: Дәрігердің көмегіне онлайн жүгінуге болады
03.10.2026, 19:19
Almaty Superski жобасы аясында 2 мың шырша отырғызылды
03.10.2026, 19:09
Соңғы 7 жылда Қазақстанның ЖІӨ-і 29 пайызға артты
03.10.2026, 19:02
Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына арналған халықаралық театр фестивалі басталды
03.10.2026, 19:00
Digital Bridge: Астана технологиялық хабқа айналды
03.10.2026, 18:47
AI & Digital Bridge Awards 2026 жеңімпаздары анықталды
03.10.2026, 18:45
Астанада ЖИ көмегімен жасалған фильмдер фестивалі өтіп жатыр
03.10.2026, 14:35