«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
«Болашақ ойындары» турнирінің басталуына санаулы күн қалды. Дәстүрлі доданы Астана алғаш рет қабылдайды. Бұл жарыс 2024 жылы Ресейдің Қазан қаласында өтсе, былтыр БАӘ-нің Абу-Дабиінде ұйымдастырылды. Қатысушылар спорттың 8 түрінен сынға түседі. Қазақстан намысын 11 команда қорғайды. Солардың қатарында Гүлназ Аманғали бар. Ол фиджитал-данс бағыты бойынша өнер көрсетеді. Гүлназ бұл жарысқа ел атынан алғаш рет қатысқалы отыр. Бимен 2 жасынан бастап айналысатын ол «Терра» би театрының балет артисі және педагог маманы. Айта кетейік, жүлде қоры 4 млн АҚШ долларын құрайтын «Болашақ ойындары» шілде айының 29-ы басталып, тамыздың 9-на дейін жалғасады. Турнирдің ашылу салтанаты және тартысты бәсекелерді Қазспорт телеарнасы көрсетеді.
Гүлназ Аманғали, «Болашақ ойындары – 2026» қатысушысы:
Қазақстанның атынан «Болашақ ойындарына» қатысып, Қазақстанның мәртебесін қорғайын деп жатырмын. Ең алғаш қарсыласым колумбиялық Адриан есімді кісі, қателеспесем. 19 жаста. Бірінші ойыным сонымен болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы