Басты Жаңалықтар Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек

Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек

Олар «Каспийді Еділ өзені мен басқа да су қоймаларын қамтитын ірі экожүйенің бір бөлшегі деп қарау керек», - дейді. Еуропаның тынысы болған айдынның тартылуы экологияға да, экономикаға да кері әсер етіп отыр.

2006 жылдан бастап Каспий теңізінің деңгейі 29 метрге төмендеген. Теңіздің солтүстік бөлігі, яғни 29 пайызы Қазақстанға тиесілі. Каспийдің тартылуынан  өзен арналары да тайызданып, кеме жүруі қиындады. Су бетіндегі мұздар еріп, аумағы тарылып жатыр. Бұл алаңдатарлық жайт, сондықтан Каспий теңізі орналасқан барлық ел бірлесе әрекет етуі керек, дейді мамандар.

Мария Князева, ғалым:

Қазақстан үшін де бұл өзекті мәселе. Себебі теңіз жылдан жылға тартылуда. Тіпті шөлді аймаққа айналмауы үшін әрекет етуіміз керек. Біз университет негізінде де бұл мәселені зерттеуді қолға алмақпыз. Сондықтан Қазақстандағы жоғары оқу орындарын бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз.

Былтыр наурыз айында Дағыстандағы Кизляр шығанағында теңіз тартылып, Аграхан шығанағы тіпті жойылып кеткен. Теңіз жағалауындағы кей орындарда су тартылып, енді бірін су басты. Бұл үйлер, жолдар, порттар зақымдануы мүмкін деген сөз.  Яғни, теңіз балансының бұзылуы суасты тіршілік иелерінің азайып, теңіз порттарының жұмысына кері әсер етеді.

Юсуп Умаров, ғылыми топ басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты:

Бүгінгі күні ғалымдар зерттеу жүргізе бастады. Терең талдау қажет. Осы орайда Қазақстан, Иран, Түрікменстан ғалымдары да жұмылдырылады. Тек бірлесе әрекет етіп, мәселені шешуге тырысамыз. Халықаралық ғылыми қауымдастықпен де жұмыс істейміз деп жоспарлап отырмыз.

Ресейде 2024 жылдан бастап бұл мәселеге қатысты ғылыми талдау жүргізілуде. Енді осы жылдың қырүйек айында  Қазақстан мен Дағыстанның мамандарынан құралған ғылыми топ теңіздің тартылу себептері, экологияға әсері сияқты мәселелерді зерттейді.

Бөлісу