Басты Жаңалықтар Сайлау мәдениеті – саналы қоғам көрсеткіші

Сайлау мәдениеті – саналы қоғам көрсеткіші

Елдің болашағын айқындайтын әрбір саяси процесте азаматтық қоғамның жауапкершілігі қажет. Сарапшылар ел ертеңіне бей-жай қармайтын жауапты кезеңде халықтың дауыс беруге белсенді қатысуы маңызды дейді. Бұған қоғамдық талқылауға қатысу, түрлі көзқарасты салыстыру әрі ел алдындағы ортақ мәселелердің шешіміне азаматтық үн қосу да кіреді.

Жалпы таңдау жасаудың оңай емес екені белгілі. Ал сайлауда дауыс берудің салмағы екі есе ауыр. Сондықтан азаматтар кандидаттардың бағдарламасын саралап, елдің өзекті мәселелеріне қатысты ұстанымын анықтауы қажет.

Бекнұр Сейітжанұлы, экономист:

Сайлау кезі бұл саяси интелект оянатын кез. Сіз мысалға, партиялардың бағдарламаларын білуіңіз керек. Біріншіден, қандай кандитаттар болуы керек. Яғни партияның тарихы және олардың саяси бағдарламасы не деген, соның бәрін зерттеп, соның арқасында өзіңіздің ойыңызды көтеріп, дауыс бересіз. Сондықтан осы саяси байқау әрқайсымызға мүмкіншілік. Және негізі біздің азаматтық борышымыз деп ойлаймын.

Сарапшылардың айтуынша, сайлау мәдениеті дегеніміз - пікір алуандығын қабылдау, қоғамдық талқылауларға қатысу. Саяси плюрализм мен ашық диалог қалыптасқан ортада азаматтар өздерін қоғамдық процестің бір бөлігі ретінде сезінеді. Дәл осы кезеңде жастардың белсенді болғаны маңызды.

Аян Сәлімгерей, ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасы:

Дамыған мемлекеттерде азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі 70-85% құрайды екен. Еліміздің 28 пайызы ол жастардан құралады. Және осы жастар, біздің замандастарымыз осы болашақты түсіне отырып, сайлауға еркін түрде, белсенді түрде баратын болса, болашағын көп ойлайды деген сөз.

Саналы таңдау жасау – белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі. Ал алдағы Құрылтай сайлауы осы жауапкершілікті іс жүзінде көрсететін маңызды мүмкіндік, - дейді мамандар.


Бөлісу