Қазақстанда автокөлік саны 6 млн-нан асты
- Маусым айында Қазақстанда 167 878 автокөлік есепке қойылды. Бұл мамыр айындағы көрсеткішпен (147 668 бірлік) салыстырғанда 13,7% жоғары.Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепке қойылған автокөліктердің жалпы санының 87,4% жеңіл автомобильдер, 5,7% жүк автомобильдері, 2,4% тіркемелер, 1% мотоциклдер, 0,9% автобустар және 2,6% өзге де автокөлік құралдары құрады.Пайдаланылатын отын түрлері бойынша:бензинмен жүретін – 136 232 көлік құралы (жалпы санының 81,1%);дизель отынымен жүретін – 10 845 көлік құралы (6,5%);газбен жүретін – 895 көлік құралы (0,5%);аралас отын түрін пайдаланатын – 11 183 көлік құралы (6,7%);электр қуатымен жүретін – 2 872 көлік құралы (1,7%);отын түрі көрсетілмеген – 5 851 көлік құралы.2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 6 025,9 мың автокөлік тіркелген. Тіркелген автопарк құрылымында ең жоғары үлесті жеңіл автомобильдер құрайды – 5 053,7 мың бірлік (жалпы санының 83,9%). Одан кейін жүк автомобильдері – 493,7 мың бірлік (8,2%), тіркемелер – 262,3 мың бірлік (4,4%), автобустар – 89,5 мың бірлік (1,5%), мотоциклдер – 74,2 мың бірлік (1,2%) және өзге де көлік құралдары – 52,6 мың бірлік (0,9%).Автокөлік паркінің ең көп бөлігі Алматы қаласында (733,3 мың бірлік) және Алматы облысында (646,3 мың бірлік) тіркелген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13