Бокстан Азия чемпионаты аяқталуға жақын
Бір күндік үзілістен кейін Тайландта өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер басталды. Шаршы алаңға 9 жерлесіміз шығады.
49 келі салмақ дәрежесінде Ертуған Зейнелов жергілікті спортшы Наринрам Тианмен жұдырықтасса, 52 келіде Иван Ковалев үндістандық Соланки Говрафпен кездеседі.
56 келі салмақта Сұлтан Зауырбек қырғызстандық Мұнарбек Сейітбекұлымен, 60 келіде Абылайхан Жүсіпов өзбекстандық Фазилдин Мелибоевпен өзара мықтыны анықтайтын болады.
Аян Қалибеков 64 келіде Тай елінің үміті Киткеат Пантианмен бокстасса, 69 келіде Илья Очкин өзбекстандық Бектемір Меликузиевпен финалдық жолдама үшін барын салмақ.
81 келіде Вадим Казаков тайландтық тағы бір боксшы Прадермид Пардонмен, ал 91 келіде Темірлан Қабиев сириялық Альбарак Самермен қолғап түйістіреді. Аса ауыр салмақтағы Елдос Қадырбаевтың қарсыласы өзбекстандық Шохурбек Еркінов атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12