НАТО саммиті басталды
Түркия астанасы Анкара қаласында НАТО ұйымына мүше мемлекет басшыларының саммиті басталды. Осымен отыз алтыншы рет ұйымдастырылып отырған жаһандық жиынның негізгі тақырыбы - Еуроатлантика аймағының қауіпсіздігі. Бұдан бөлек мемлекет басшылары қорғаныс саласындағы өзара ықпалдастық пен ірі державалар арасындағы бәсекелестік жайын да талқылайды. Халықаралық жиынға АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Еуропа елдері басшыларын қосқанда барлығы 32 елдің мемлекет және үкімет басшылары мен жүзден аса министр қатысады. Екі күнге жалғасатын НАТО саммитіне байланысты Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бірқатар әуе рейстері кейінге шегеріліп, қала көшелерінде қауіпсіздікті сақтауға 50 мыңнан аса арнайы күштер жұмылдырылған.
Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
Біздің саммиттен күтетін негізгі үмітіміз – одақтастардың ұлттық қауіпсіздігін ескере отырып, Альянстың ынтымағы мен бірлігін нығайту. Жылдар бойы терроризммен сәтті күресіп, қазір оны толығымен жою үшін жұмыс істеп жатқан елдің көшбасшысы ретінде мен бұл салада Альянсқа үлкен үміт артатынымызды да айтқым келеді. Егер біз алдағы қиындықтарды шешкіміз келсе, қорғаныс құралдары саудасындағы кедергілерді алып тастап, ауыртпалықты одақтастар арасында әділ және тең бөлуіміз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы