Анталияда орман өртенді
Анталияда орман өртенді. Жалынның нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге екі ұшақ, екі тікұшақ пен оншақты өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды. Анталияның Ақсу ауданындағы бірнеше сағатқа созылған өрттің салдарынан 10 гектар орман күлге айналған. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Бұдан бөлек, Балыкесір аймағындағы орманнан да өрт шықты. Тұрғын үйлерге жақын маңда құрғақ шөптің жануынан өршіген өрт те көп ұзамай сөндірілді. Соңғы күндері ауа райының күрт ысуы мен құрғақшылықтың кесірінен орман мен дала өрті көбейген. Мамандар тұрғындардың от жаққанда мұқият болуын ескертті.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14
Қазақстанның 2 азаматы іздестіріліп жатыр
08.10.2026, 20:12
Мұнай бағасы шарықтады
08.10.2026, 20:10