Түркияда пиротехника шығаратын зауытта жарылыс болды
Түркияда пиротехника шығаратын зауытта жарылыс болып, бір адам оқиға орнында көз жұмды. Апаттан жарақат алған тағы бір жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Ниғде провинциясына қарасты Бор ауданындағы жекеменшік отшашу зауытындағы жарылыстың арты өртке ұласқан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды көп кешікпей сөндірді. Мамандар жарылыс зауыттың бір бөлігінде ғана болғанын, егер өрт тұтас ғимарат аймағына жайылса, апаттың көлемі бұдан бірнеше есе үлкен болатынын айтты. Жарылыстың нақты неден шыққаны әзірге белгісіз. Оқыс оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, тергеу жұмыстары басталды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14
Қазақстанның 2 азаматы іздестіріліп жатыр
08.10.2026, 20:12
Мұнай бағасы шарықтады
08.10.2026, 20:10