Түркияда орман өртінің қаупі жоғары
Еуропаны жайлаған аптап ыстық Түркияға қарай ойысты. Синоптиктер ыстық ауа ағыны Мәрмәр мен Жерорта теңізі маңындағы провинцияларға қарай келе жатқанын айтады. Қазірдің өзінде Түркияның кей аймақтарында ауа температурасы 40 градустан асып кеткен. Дегенмен елдің солтүстік бөлігінде осы аптада жауын-шашынды болады дейді мамандар. Тіпті кей өңірлерде нөсер жауынның соңы селге ұласуы мүмкін. Сондай-ақ Ыстанбұл қаласы мен облысында орман мен табиғи парктердің аумағына кіруге тыйым салынды. Аптап ыстық пен жауын шашынның аздығынан қазір Түркияда орман өртінің қаупі жоғары. Осыны ескерген Ыстанбұл губернаторы 15 қазанға дейін провинция аумағындағы барлық ормандарға жаяу немесе көлікпен кіруге тыйым салды.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылда 536 спорт нысаны салынды
08.10.2026, 20:30
27 жас Мемлекеттік күзет қызметіне аттанды
08.10.2026, 20:23
Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
08.10.2026, 20:21
Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
08.10.2026, 20:20
«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті
08.10.2026, 20:15
Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан
08.10.2026, 20:14
Қазақстанның 2 азаматы іздестіріліп жатыр
08.10.2026, 20:12
Мұнай бағасы шарықтады
08.10.2026, 20:10