Ыстанбұлда орманға баруға тыйым салды
Ыстанбұл қаласы мен облысында орман мен табиғи парктердің аумағына кіруге тыйым салынды. Аптап ыстық пен жауын шашынның аздығынан қазір Түркияда орман өртінің қаупі жоғары. Осыны ескерген Ыстанбұл губернаторы 15 қазанға дейін провинция аумағындағы барлық ормандарға жаяу немесе көлікпен кіруге тыйым салды. Бұдан бөлек орманға жақын қоныстанған үйлердің аулаларында қоқыс пен құрғақ шөп өртеуге де шектеу қойды. Бұл тәртіпті бұзған адамға ірі көлемде айыппұл салынып, тіпті қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. 2021 жылы Түркия тарихындағы ең ірі орман өртінде 150 мың гектардан аса алқап күлге айналған еді. Орман министрінің айтуынша өрттердің көбі адамдардың кесірінен шығады.
Ибрахим Юмаклы, Түркіияның ауыл шаруашылығы және орман министрі:
Өткен жылдардағы өрттердің себебін нақтылағанда олардың 91 пайызы адамдардың кесірінен шыққаны анықталды. Бір ғана шырпы жылдар бойғы еңбекті, мыңдаған тіршілік иесін, халқымыздың ортақ байлығын күлге айналдыруы мүмкін. Сондықтан, ормандарда мангал жағудан, құрғақ шөп өртеуден, темекі тұқылын тастаудан аулақ болайық.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Aqsham Talks алаңында кітап болашағы талқыланды
24.06.2026, 17:27
Реформаларға арналған кітап пен аналитикалық жинақ шықты
24.06.2026, 17:25
«Айбын – 2026»: Зияткерлік ойындар өтті
24.06.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 17:18
Халық кеңесі мен Құрылтай құрылады
24.06.2026, 17:15
Ресей дизельді отынды экспорттауға тыйым салмақ
24.06.2026, 17:12
«Ақтау – Доссор» автожолын жөндей бастады
24.06.2026, 17:10
Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылуы мүмкін
24.06.2026, 17:07