Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер өткізбек. Сонымен қатар, Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездеседі. Ірі еуропалық компания жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстеліне де қатыспақ. Сөз сөйлеп, тағы бірқатар кездесу жоспарланған. 

Бөлісу