Маса арқылы қауіпті вирус таралуы мүмкін
Маса шақса абай болыңыз! Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ескерту жариялады. Өйткені денге безгегі мен «Зика» вирусы таралатын маусым басталды. Тек кейінгі екі жылда осындай уақытта 300-ден астам жағдай тіркелген. Өзге індет түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда азырақ болғандықтан, дабыл қағатындай жағдай емес сияқты. Алайда, Денсаулық сақтау ұйымы денге безгегін ең қауіпті 10 дерттің қатарына қосқанын да ескерген жөн. Маса шаққаннан кейін вирустың белгілері әдетте бірден байқалмаса да, бір аптадан кейін науқастың жағдайы күрт нашарлап, қызуы көтеріледі, - дейді дәрігерлер.
Жанна Ешмағамбетова, дәрігер:
Бұл тіпті өлімге де әкелуі мүмкін. Ең көп таралғаны – масадан аллергия. Безгек ауруы, және денге қызбасы. Бұл да жиі кездеседі. Түрлі асқынуға алып келеді. Ең бірінші кезекте салқын сумен, сабынмен жуып, антисептикалық сұйықтық пайдалануға болады. Сосын әрине тез арада дәрігерге жүгіну керек.
Сонымен, маса шағып, вирус жұқса науқас қандай күйде болады? Дене қызуымен қатар, бөртпе байқалады. Тыныс алу қиындайды. Дене құрысып қалуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша әсіресе, шетелге барып келгендер сақ болуы керек. Маса шаққанын байқасаңыз, әлсіздік сезсеңіз, ауруханаға қаралған жөн. Ем неғұрлым тез басталса, аурудан соғұрлым тез құтылуға болады, дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы