Ақмола облысының 5 ауданына 5 мың қаз таратылды
Ақмола облысындағы 5 ауданының тұрғындарына тауарлық несие шартымен 5 мың қаз балапаны таратылды. Бұл бастама «Ауыл» партиясының «Қаз хабы» жобасы аясында ауылшаруашылық кооперацияны дамыту мақсатында қолға алынған. Осымен 3 жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан жобаға 80-ге жуық ауыл тұрғыны қатысуға ниет білдірген. Жоба шарты тиімді. Өсірген балапандарының тек 10 пайызын қаз еті түрінде қайтарса, барлық құстың мамығын ауылшаруашылық кооперативіне тапсырады. Денсаулығына байланысты уақытша жұмыссыз қалған Тасшалқар ауылының тұрғыны Асан Бейсенбаев екі қолға бір күрек табылғанына риза. Ол 50 қаз өсіруге бел буып келген.
Асан Бейсенбаев, Біржан сал
ауданының тұрғыны:
Бесеуін бергенде маған 45-і қалып жатыр. Оны ертеңгі күні сатсаң, ақша, жесең, ет деген сияқты. Бізге өте пайдалы, тиімді нәрсе.
Бағдат Қадыров, «Ауыл» партиясының
азаматтық бастамаларды қолдау департманетінің директоры:
Бұл жерде адам еңбек етіп үйренуі қажет. Бұл партияның жасап жатқан жобасының басты мақсаты - ауыл тұрғындарының табысын арттыру, технологияға үйрету. Үшіншіден, мамықты қайта өңдейтін зауыттарды шикізатпен қамтамасыз ету.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15