Басты Жаңалықтар Елімізде Швеция компаниясының жүк көліктері құрастырылады

Елімізде Швеция компаниясының жүк көліктері құрастырылады

Қазақстанда Швеция компаниясының жүк көліктері құрастырылады. Бүгін тараптар меморандумға қол қойды. Өндіріс биыл күзде іске қосылмақ. Жалпы, екі ел арасында ынтымақтастық соңғы жылдары артқан. Машина жасаудан бөлек, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, тау-кен металлургияны дамыту, минералдар бағытын арттыру жолға қойылған. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 363 млн доллардан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға өскен. Сондай-ақ соңғы үлгідегі ауыл шаруашылығы техникасын Қазақстанда құрастыру бойынша жақын арада стратегиялық келісімге қол қойылмақ.

Олжас Сапарбеков, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

Бізде 60-тан астам компания тіркелген. Олар тау-кен саласындағы құрал-жабдық шығаратын ең ірі компаниялар, оларды тау-кен өндірушілер пайдаланады. Сервис орталығын қойғысы келіп жатыр. Қосалқы бөлшектерге қойма қарастыруға тырысып жатыр.


Бөлісу