Басты Жаңалықтар Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына оң баға берді

Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына оң баға берді

Қазақстан экономикасы сыртқы сын-тегеуріндерге қарамастан нығайып келеді. Бұл – Халықаралық валюта қоры сарапшыларының еліміздегі реформаларға берген бағасы. Үкімет басшысымен кездескен миссия басшысы Амина Лареш Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі мен көлік-құрылыс салаларын дамытып жатқанын ерекше атап өтті. Бұл мұнай өндіру көлемі қысқаруының орнын толтырға мүмкіндік береді деді. Сондай-ақ ол Үкімет пен Ұлттық банктің инфляцияны ауыздықтауға және бюджет қаражатын тиімді жұмсауға бағытталған бірлескен жұмыстың оң нәтиже беріп отырғанын жеткізді. Олжас Бектенов халықаралық қормен серіктестікті жоғары бағалап, сарапшылардың ұсыныстары экономикалық саясатты жетілдіруде маңызды бағдар болатынын айтты. Ал қор мамандарының ұсыныстары алдағы уақытта жауапты мемлекеттік органдарда қаралмақ.


Бөлісу