Абай облысында тасқын шайған көпірді қалпына келтірді
Абай облысы, Тассай ауылына апаратын көпір қалпына келтірілді. Осыдан екі жыл бұрын көктемгі тасқын өткелдің тас-талқанын шығарып кеткен еді. Содан бері тұрғындар аудан орталығына бару үшін 120 шақырым айналма жолмен жүруге мәжбүр болды. Былтыр бюджеттен 800 миллион теңге бөлініп жаңа көпір құрылысы басталған. Мердігер ұйым жұмысты жеделдетіп, халыққа қолайлы болуы үшін көпір арқылы қозғалысты ерте ашып берді. Жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Жоспар бойынша нысан толықтай желтоқсан айында қолданысқа берілуі тиіс. Мамандар оны жаз аяқталғанша тапсырамыз деп отыр.
Қанат Сақан, мердігер
компания басшысы:
Алдыңғы көпірден ерекшелігі – бұрынғы көпірдің ұзындығы 36 метр болса, қазіргі көпір 72 метрге дейін ұзарған. Бұл көпірдің тағы бір ерекшелігі – екі тірегіне 8 буронабивной свай қарастырылған. Бұл көпірдің беріктігіне жауап береді. Сондай-ақ су өткізу көлемі де ұлғайған.
Білімхан Мұқанов, Тассай ауылының тұрғыны:
Қазір халық тыныш. 60 километр 40 минутта барады сол уақытта қайтып келеді. Больницаға бара ма, басқа шаруалары бар ма, бәрін түгел бітіріп жатыр. Міне, біз разымыз.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18