Әлем экономикасы биыл 2,5 пайызға дейін баяулайды
Дүниежүзілік банк ғаламдық экономикалық өсім туралы болжамын жариялады. Оған сай биыл әлем экономикасы 2,5 пайызға дейін баяулайды. Бұл 2019 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Жаһандық өсімнің төмендеуіне Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты энергетикалық шикізаттың қымбаттауы, инфляцияның өсуі себеп. Ал Оңтүстік Азия өңірінің экономикасы биыл айтарлықтай өсім көрсетіп, 6,3 пайызға жетпек. Дүниежүзілік банктің баяндамасына сай келер жылы ғаламдық экономика 2,8 пайызға дейін өседі. Алайда бұл ретте саяси оқиғалардың рөлі басым болмақ. Банк әлем мемлекеттеріне инфляцияны бақылауға алу, қаржылық тұрақтылықты нығайту және жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етуге үндеді.
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18