Халық табысын арттыратын жоспар қабылданды
Қазақстандықтардың нақты табысын арттыруға бағытталған арнайы жоспар қабылданды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді. Құжат алты негізгі бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды. Атап айтқанда, жалақыны көтеру, инфляцияны төмендету, халықтың несие жүктемесін азайту, адами капиталды дамыту және сапалы жұмыс орындарын көбейту көзделген. Сонымен қатар салық және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша да кешенді жұмыстар жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, жоспардың басты мақсаты – азаматтардың табысын арттырып қана қоймай, олардың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік жағдайын жақсарту. Сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысын өсіру арқылы жекеменшік сектордағы еңбекақы көлемін де арттыру көзделіп отыр.
Мемлекет жеке секторға, яғни кәсіпкерлерге жалақыны көтер деп мәжбүрлей алмайды. Ол экономикалық теорияға қарсы. Егер мемлекеттік секторда көтерілсе, яғни жеке сектор да көтеруге мәжбүр болады. Себебі былай айтқанда кадрлардың ағымы бола бастайды жеке сектордан мемлекеттік секторға. Сондықтан осы балансты сақтау үшін жеке сектор да ілесіп, өзінің жалақысын көтеріп отыру керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы