Күннен электр қуатын алу – уақыт талабы
Жетісу облысында күн энергиясын пайдаланушылар қатары көбейіп келеді. Тұрғындар баламалы қуат көздерін игеріп отыр. Олар өз үйлерін электрмен қамтамасыз етіп қана қоймай, артық энергияны ортақ желіге өткізіп, пайда тауып отыр. Жасыл энергетиканың тиімділігі қандай? Тақырыпты әріптесім Нұрдәулет Сыздық тарқатады.
Мансұр Құрманғалиев үйіне күн панельдерін орнатқалы екі айға жуықтады. Шатырын
қаптай орнатылған 70 қондырғы айына 8 мың киловатт электр қуатын өндіреді.
Осылайша автономды энергия көзінің арқасында тоқтан таршылық көрмейтінін
айтады. Қала берді, артық қуатты қалалық электр желісіне сатып, пайда да тауып
отыр.
Мансұр Құрманғалиев, тұрғын:
Болашақта кеңейту деген жоспар үлкен. Міне, осы аумағым бос тұр. 10 соттық. Соның ішіне 100 кВт сыйдыру керек. Мұны үй жағдайында емес, РФС ретінде, орта электр станциясы ретінде құруға болады. Сондайға дейін жетуге мақсатымыз бар.
Елімізде электр қуатына сұраныс артып
келеді. Сондықтан осылай тоқ өндіретін тұрғындардың көбейгені игі. Қазірдің
өзінде Жетісу облысында күн панельдерін орнатқан 43 тұтынушы бар. Оның 20-сы
кәсіпкерлер болса, қалған 23-і тұрғындарға тиесілі.
Нұржамал Әбеуова, «ТАТЭК» АҚ
баспасөз хатшысы:
Электр қуатын автономды өндіретін тұтынушылар бізге қажет. Өйткені біздің облысымыздағы электр қуаты тапшылығын азайтуға олар әсер етеді. Желімізге түсіп жатқан жүктемені төмендетіп, ысыраптардың неғұрлым азаюына өз әсерін тигізеді.
Мамандардың айтуынша, бір күн панелінің табиғатқа пайдасы шамамен 10 ағаш
отырғызғанмен тең. Күннен алынатын энергия қоршаған ортаға зиян келтірмейді,
ауаға түтін мен зиянды қалдықтар шығармайды. Сондықтан мұндай жобалар
экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, келер ұрпаққа таза табиғат қалдыруға
да ықпал етеді
Ерасыл Бекжанов, Жетісу облысы
бойынша мемлекеттік экологиялық аға инспектор:
Еуропа елдерінде күн панельдерін пайдалану кеңінен қолданылып жатыр. Экологияға бейжай қарамайтын мемлекеттердің принциптері десек болады. Қазақстан да өз кезегінде осындай бастамаларды қолдап, әрі қарай жетілдіретін болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Күн энергиясы – болашақтың қуат көзі. Қазір Жетісу облысында екі күн электр
станциясы жұмыс істейді. Олар жылына 47 миллион кВт-тан астам энергия өндіреді.
Биыл тағы бір станция іске қосылмақ. Мамандар бұл жасыл энергетиканың дамуына
серпін беретінін айтады.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Курчатовтықтар Ертіс жағасын тазалады
10.06.2026, 17:33
Халықаралық E-LIGHT 2026 жастар форумы басталды
10.06.2026, 17:30
Кітап оқуды дәріптеген байқау мәреге жетті
10.06.2026, 17:27
Елімізде әлемдік деңгейдегі білімге қол жеткізу жағы жақсарып келеді
10.06.2026, 17:25
«Конституционализм және цифрлық құқық» ғылыми-зерттеу институты құрылады
10.06.2026, 17:22
Сот академиясы магистратура мен докторантураға қабылдауды бастады
10.06.2026, 17:20
Мектеп оқулықтарын кезең-кезеңмен жаңартады
10.06.2026, 17:17
Жаңа Конституцияның қабылдануына орай рақымшылық жарияланады
10.06.2026, 17:15