Павлодарлық диқандар егіншілік кәсіпті әртаптандыруға кірісті
Павлодарлық диқандар егіншілік кәсіпті әртаптандыруға кірісті. Бұған аймақта ауа райының күрт өзгеруі себеп болып отыр. Мәселен, көктем ерте басталып, күз ерте түседі. Астық тұқымдастар пісіп үлгермей қалады. Сондықтан майлы дақылдар өсіру мен суармалы егіс алқаптарын ұлғайтуға пәрмен беріліп отыр.
Соңғы үш жылда Павлодар облысында майлы дақылдар алқабы 30%-ға ұлғайды. Енді
шаруалар күнбағысты шикізат ретінде сатпайды. Биыл өңірде сұйық май шығаратын
екі зауыт ашылды. Қазір Ақсу қаласы аумағында үшіншісі салынып жатыр. Тәулігіне
100 тонна өнімді сұйық майға айналдырады.
Ерлан Тоқтышақов, «Ертіс агро»
кооперативінің төрағасы:
Бізде ең бірінші мультимодельдік зауыты. Майлы дақылдардың барлығын өндіреді. Зығыр, майбұршақ, рапс, күнбағыс болсын. Екіншісі терең өндіреді.
Бұрын павлодарлық диқандар
күнбағыс өнімін Семей қаласына немесе шетелдік трейдерларға тапсыратын. Енді
жергілікті зауыттар қымбат бағамен сатып алады. Оның үстіне тасымал құны
арзандайды.
Балғабай Бақышев, шаруа қожалықтың
төрағасы:
Өніміміз, міне, даяр, өзіңіз көріп тұрсыз. Екі айдың ішінде жібереміз осы зауытты. Үкіметімізге көп рақмет. 1 млрд 400 млн теңге бізге берді. 1 жылда 2,5 % төлеп отырамыз. Ал енді бір жыл бізге каникул берді, күш алып алғанша.
Мемлекеттің суармалы егіспен айналысатын шаруаларға да көмегі мол. Сондықтан
Қуаныш Нұржігітұлы екінші жыл қатарынан бидай алқаптарын азайтып, картоп
өсіруге күш салып жатыр.
Қуаныш Баймағамбетов, шаруа
қожалық төрағасы:
Егістікті әртараптандырып жатырмыз. Биыл жаңбыр аздау, күн ысып кетті. Сондықтан былтыр біз картопты 163 гектар ексек, биыл көбейтіп 250 гектарға егіп отырмыз. Суармалы жер өте маңызды, өте керек. Үкіметтен тірек бар. Минералды тыңайтқыштар, гербицид жағынан, тұқым жағынан көмек беріп отыр. Үкіметке көп рақмет!
Мемлекет ауыл шаруашылығы саласына субсидияны берудей-ақ беріп жатыр. Талап
біреу, жерді күт, агротехникалық шараларды сақта. Сонда ғана мол әрі сапалы
өнім алынады. Бұл ретте жергілікті фермерлер биылғы егіске қажетті
тыңайтқыштарға қаржыны алдын-ала төлеп тастапты. Яғни еліміздің диқандары бабын тапса ғана жер жомарт деген
қағиданы әбден түсінген. Ең бастысы қазір дән себуге қолайлы ұлтарақтай бос
жатқан жер таппайсыз.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Курчатовтықтар Ертіс жағасын тазалады
10.06.2026, 17:33
Халықаралық E-LIGHT 2026 жастар форумы басталды
10.06.2026, 17:30
Кітап оқуды дәріптеген байқау мәреге жетті
10.06.2026, 17:27
Елімізде әлемдік деңгейдегі білімге қол жеткізу жағы жақсарып келеді
10.06.2026, 17:25
«Конституционализм және цифрлық құқық» ғылыми-зерттеу институты құрылады
10.06.2026, 17:22
Сот академиясы магистратура мен докторантураға қабылдауды бастады
10.06.2026, 17:20
Мектеп оқулықтарын кезең-кезеңмен жаңартады
10.06.2026, 17:17
Жаңа Конституцияның қабылдануына орай рақымшылық жарияланады
10.06.2026, 17:15