«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл соңғы жылдары қолға алынған өңірдегі ең ірі инфрақұрылымдық жобаның бірі. Реконструкциялау жұмысы өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттырады. Ең бастысы жолаушылар мен жүргізушілер жол азабынан құтылады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Қазір біз «Ақтөбе – Хромтау» жолында тұрмыз. Бұл жермен күніне 15 мыңға жуық көлік өтеді. Ал жаз мезгілінде 23 мыңға дейін жетеді. Яғни, жүктеме өте үлкен. Төрт жолақты жолдың салынуы көп мәселені шешеді.
Бұл
жолмен өтетін техникалардың жетпіс пайызы жүк көліктері. Сондықтан өзге
жүргізушілер 95 шақырым жердегі Хромтау қаласына бір жарым сағатта әрең жетеді.
Оның үстіне 20 жыл бұрын салынған жолдың тозығы жеткен.
Әли Көбенов, жүргізуші:
Мына Хромтау жолымыз нашарлап бара жатыр жыл сайын. Жаңадан салынып жатқан жолымыздың құрылысы біткеннен кейін қуанатын шығармыз. Бірақ жиі жүреміз осында.
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын»
тасжолын реконструкциялау жұмысы жуырда ғана басталды. Қашықтығы 262 шақырым.
Төрт жолақты жол жеті учаскеге бөлініп, салынады. Оның бесеуінде мердігер
анықталған. Қазір қызу жұмыс жүріп жатыр.
Сейдахмет Құсабаев, мердігер мекеме:
Жұмыс тоқтамай жүріп жатыр, екі ауысым бар. Қазіргі уақытта участокте 64 техника істеп жатыр, оны екі сауысыммен есептегенде 146 адам жұмыс істеуде.
Бұл халықаралық «Самара – Шымкент» көлік дәлізінің бір бөлігі.
Сондықтан тұтас ел үшін стратегиялық маңызға ие. Жоспар бойынша, құрылыс
жұмыстары 2028 жылы аяқталуы тиіс. Бастысы елді мекендер арасындағы көлік
қатынасы жақсарып, жол жүру уақыты қысқарады.
Ринат Оразғалиев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» облыстық филиалы
диреткорының орынбасары:
20 жылдай күрделі жөндеу көрмеген жол. Бұл енді қайта жаңарту жоабсы аясында бірінші санатты жолға ауыстырылады, яғни төрт жолақты болады. Алдағы уақытта перспектива бойынша 35 мың көлікке дейін өткізуге қабілеттілігі бар жол болады.
Соңғы үш жылда өңірде мың алты жүз шақырым жол жөнделді. Нәтижесінде жақсы және
қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 75-тен 82 пайызға дейін артты. Биыл «Орталық – Батыс»
көлік дәлізінің Ақтөбе облысындағы бөлігінде де жұмыс басталады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12
Apple мен Google-ден балаларды қорғау шараларын күшейту талап етілді
09.06.2026, 17:10