Басты Жаңалықтар Абай облысына тартылған инвестиция 19,4 пайызға өскен

Абай облысына тартылған инвестиция 19,4 пайызға өскен

Абай облысына тартылған инвестиция көлемі 20 пайызға дейін өскен. Бұл туралы Президент қабылдауында болған өңір әкімі айтты. Берік Уәлидің ақпаратынша, былтыр аймақтағы жалпы өнім көлемі 4 триллион теңгеге жуықтаған. Өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларының дамуы ілгеріледі. Былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Оның қатарында «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы, Семейде жаңа жылу электр орталығы мен тау-кен байыту комбинатын салу жобалары бар. Аймақ басшысы Алакөл туристік аймағын дамыту мәселесіне де тоқталды. Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғырту, Үржар әуежайы терминалын реконструкциялау жұмыстарына мемлекеттік қордан арнайы қаражат бөлініп отыр. Мемлекет басшысы өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Берік Уәли, Абай облысының әкімі:

Арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары туралы да айттым. Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 млрд теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және екі жарым мың жаңа жұмыс орнын ашуды қазіргі таңда көздеп отырмыз.


Бөлісу