Әл-Фарабидегі апат: Жәбірленуші тараптың бірі сотталушыны кешірді
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот отырысында қаза тапқан тағы бір қыздың отбасы сотталушыны кешіргенін айтты. Жәбірленуші тарап айыпталушының кінәсін толық мойындап, материалдық және моральдық шығынды өтегенін айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұрады. Бүгінгі отырыста прокурор істегі негізгі сараптамалардың қорытындысын жариялады. Тергеу нұсқасы бойынша Zeekr көлігінің жүргізушісі рөлге алкогольдік ішімдік ішкен күйде отырған. Сондай-ақ көлікте тіркеу құжаттарындағы деректерге сәйкес келмейтін мемлекеттік нөмір тағылғаны анықталған. Ал соқтығысу алдында көлікті сағатына 219 шақырым жылдамдықпен жүргізгені белгілі болды.
Еске салайық, айыпталушы әл-Фараби даңғылында жылдамдықты асырып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Mercedes-Benz көлігімен бетпе-бет соқтығысып, оқиға орнында үш адам қаза тапты. Үшінші марқұмның туыстары әзірге өз ұстанымын айтқан жоқ. Сот процесі жалғасып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы