Басты Жаңалықтар Өсімдік майын экспорттаушы үздік үштікке енуге болады

Өсімдік майын экспорттаушы үздік үштікке енуге болады

Қазақстан өсімдік майын экспорттайтын әлемдегі ең ірі елдердің қатарына енуге ниетті. Соңғы жылдары еліміз майлы дақылдарды өңдеу көлемін арттырып, өнім экспортын жаңа нарықтарға бағыттап келеді. Саланы дамыту мәселелері бүгінхалықаралық конференциясында талқыланды. Бесінші рет ұйымдастырылған жиынға әлемнің 18 елінен 330-дан астам сарапшы, инвестор және салалық компания өкілдері қатысты. Бүгінде Қазақстанның өсімдік майы әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша сала, елдің қайта өңделген  ауыл шаруашылығы өнімдері экспортынан түскен валюталық  түсімнің 27 % пайызын қамтыған. Мамандардың айтуынша, өңдеу қуатын арттыру және экспорттық нарықтарды әртараптандыру Қазақстанның әлемдік май нарығындағы позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.

Айнұр Әмірбекова, Qaztrade компаниясының басқарушы директоры:
Көрсетіліп отырған мемлекеттік шаралардың арқасында осы сала қарқынды дамып отыр. Өндіру көлемі 1,5 млн тоннаға асып отыр,экспорт көлемі 68%-ға өсті. Былтырдан бері ассоциациямен бірігіп, үлкен жол картасын жасадық Осы жол картасының негізгі көзделіп отырған мақсаты  май және  тоң май дақылдарыныңэкспортын 1,5 млрд АҚШ долларына көбейту және ТОП-3 экспорттаушы қатарына ену.


Бөлісу