Басты Жаңалықтар «Бәйтерек» зымыран кешені «Сұңқарды» ғана ұшырумен тоқталмайды

«Бәйтерек» зымыран кешені «Сұңқарды» ғана ұшырумен тоқталмайды

Ғарышқа жүк жеткізе алатын ел – технологиялық жетістікке жеткен ел. 30 сәуірде Қазақстан тұңғыш рет Орбитаға зымыран шығарып, сынақты сәтті аяқтады. «Бәйтерек» – стратегиялық маңызы бар кешен. Елдің ғарыш саласындағы ұзақ мерзімді әрі технологиялық тұрғыдан тұрақты дамуы мен геосаясаттағы тұғырының темірқазығы. Бірінші сынақ сәтті өтті. Бірақ бұл жеткіліксіз. Қазақстан халықаралық «Ғарыштық клубқа» толыққанды мүше атануы үшін кемі дәл осындай үш сынақ өткізу тиіс. Осыдан кейін ғана еліміз коммерциялық ұшырылымдарды орындау құқына ие болып, шетелдік тапсырыстарды қабылдай алады дейді мамандар.

Сырым Ынтымақов, «Бәйтерек» Қазақстан – Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ-ның «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы филиалының директоры:

«Бәйтерек» зымыран кешенінен «Сұңқар» атты зымыранды ұшырумен ғана тоқталмаймыз, одан да басқа ұсыныстарды, жобаларды осы кешенді жүзеге асырамыз. Қолданысқа енгізе беру.

Адамзаттың ғарышқа ашылған алғашқы қақпасы Байқоңырдан әзірленген, еліміздің ғарыш тарихындағы айтулы оқиға жайлы арнайы жобамыздың толық нұсқасын бүгін сағат 14:15-те эфирге ұсынамыз.


Бөлісу