Талдықорғанда С.Сейфуллиннің жеке заттары мен қолжазбалары қойылған көшпелі көрме өтті
Талдықорғанда Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары мен қолжазбалары қойылған көпшпелі көрме өтті.
Астана қаласы әкімдігінің Бірлескен музейлер дирекциясы ұйымдастырған көрмеге Сәкен Сейфуллинге қатысты 100-ден астам жәдігер қойылған. Оның 80-ге жуығы – түпнұсқа. Келушілер ақынның балалық шағынан бастап ғұмырының соңына дейін пайдаланған жеке заттарын, қолжазбаларын, хаттары мен шығармаларын тамашалады. Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер Талдықорған қаласындағы Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінде екі апта бойы көпшілік назарына ұсынылады. Айта кетейік, көшпелі көрме бұған дейін Ақмола облысында ұйымдастырылған. Енді жоба Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына жол тартады.
Ясмина Сәбитқызы, оқушы:
Бүгін бізге «Көкшетау» поэмасын көрсеткен болатын. Осы поэма Сәкен Сейфуллиннің өзінің қайсарлығын және ер мінезділігін көрсетеді деп ойлаймын. Балаларға бір үйренерліктей нәрсе беретіндей болып көрінді.
Гүлназия Ибраева, С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері:
Тілге байланысты, қазақ атауымызға байланысты. Қазақ жастарына білім беруіне де бюджеттің 50 пайызын бөлгізіп, шет елге жолдама алған құжаттары бар бізде архивте. Осының барлығы кейінгі жастарға үлгі. Сол үшін осындай көшпелі көрмені ұйымдастырып жүрміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы