Басты Жаңалықтар Қазақстан ғарыш тарихының жаңа дәуірі

Қазақстан ғарыш тарихының жаңа дәуірі

Ғарышқа жүк жеткізе алатын ел - технологиялық жетікстіке жеткен ел. 30 сәуір Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет орбитаға өз зымыранан шығарып, сынақты сәтті аяқтады. Бәйтерек старт кешенінен көкке көтерілген Сұңқар зымыран тасығышы қазақстан ғарыш тарихының жаңа дәуірінің басы болмақ. Адамзаттың ғарышқа ашылған алғашқы қақпасы Байқоңырға барып келген Ғабит Бөкенбай баяндайды.30-шы сәуір қазақтың Бәйтерек кешенінен «Сұңқар» зымыраны көкке самғап, тұңғыш рет тұңғиық ғарышқа ұшты. «Бәйтерек» стратегиялық маңызы бар кешен. Елдің ғарыш саласындағы ұзақ мерзімді әрі технологиялық тұрғыдан тұрақты дамуы мен геосаясаттағы тұғырының темірқазығы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Байқоңыр» космодромы көп жылдан бері жемісті ғылыми-техникалық серіктестігіміздің символы ретінде қызмет етіп келеді. «Бәйтерек» бірлескен жобасының жүзеге асырылуы, соның ішінде жақында «Сұңқар» жаңа зымыран тасығышының сәтті ұшырылуы ғарыш қызметін ұсынатын халықаралық нарықтағы елдеріміздің позициясын нығайтуға жол ашады.

Бірінші сынақ сәтті өтті. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Қазақстан халықаралық «Ғарыштық клубқа» толыққанды мүше атануы үшін кемі дәл осындай үш сынақ өткізу тиіс. Осыдан кейін ғана еліміз коммерциялық ұшырылымдарды орындау құқына ие болып, шетелдік тапсырыстарды қабылдай алады.

Сырым Ынтымақов, «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ-ның “Байқоңыр” ғарыш айлағындағы филиалының директоры:   

«Бәйтерек» зымыран кешенінен «Сұңқар» атты зымыранды ұшырумен ғана тоқталмаймыз, одан да басқа ұсыныстарды, жобаларды осы кешенді жүзеге асырамыз. Қолданысқа енгізе беру.  

Астана уақытымен түнгі он бірде көкке көтерілген ғарыш аппараты есептік траекторияға дәл шығып,сағатына 28 мың шақырым жылдамдықпен зымырап, 572 секунд яғни он минутқа жетпес уақытта жер шарын екі рет айналды. Қалдықтары Ресейдің Свердлов облысы және Ханты-Мансий автономиялық округі - Югра аумағына штаттық режимде құлады.

Бәйтерек кешенінде тек қазақстандық мамандар жұмыс істейді. 300-ге жуық инженерлік құрам сынақтың сәтті өтуі үшін айлақта айлап жатып, күн-түн демей қызмет етті. Сұңқар орбитаға суырылып шыққалы мұндағы жұмысшыларға қанат бітіп, өздері ұшқандай күйде жүр.

Ғ.Б, Ерлан Бейсенов, Мансұр Зияданов ҰА. Байқоңыр.


 


Бөлісу