Оқушыларымыз халықаралық олимпиадада топ жарды
Түркияның Анталия қаласында өткен ФЕМО халықаралық математика олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды. 10-нан аса елдің өкілі қатысқан білім сайысында біздің оқушылар үздік нәтиже көрсетті. Осымен сегізінші рет ұйымдастырылған олимпиада математика саласындағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі. Жас білімгерлердің сайысы туралы Түркиядағы тілшіміз Айдос Әшімұлы айтсын.
Әлемнің 11 елден 500 ден аса бала қатысқан сегізінші ФЕМО олимпиадасында біздің оқушылар гран при мен ондаған алтын медаль алып әлемдегі ең үздік жас математиктер екендіктерін дәлелдеді. Бірінші-алтыншы сынып оқушылары арасында өтетін халықаралық сайыс жас математиктердің білімдерін шыңдап, ойлау қабілеттерін дамытады дейді ұйымдастырушылар.
Анталиядағы олимпиадада үздік шығып, гран при жеңіп алған бесінші сынып оқушысы
Бейбіттің қуанышында шек жоқ. Бас жүлдеге қол жеткізем деп ойламағанын айтады.
Бейбіт Жұмақадір, ФЕМО олимпиадасының жеңімпазы:
Бастапқы 12 есеп өте оңай болды бірақ 13-14 есептерде кішкене қиын болды. Мен негізі НИШ, Физмат, КТЛ дегендерге түсуге тырыстым. Арманым болмаса да бұл өте үлкен жетістік. Жылағым келіп тұр.
Өнерәлі Жұмақадір, жеңімпаздың әкесі:
Бірінші жылы үшінші класта Ташкентте қола алды екінші жылы Бакуде Әзербайжанда күміс алдық бүгіне енді Алла бағын ашып Түркияның төрінде Анталияда бас жүлдені жеңіп алып республикалық физика математика школына грант ұтып алды. Өте қуаныштымын, еңбек ақталды.
Математика барлық ғылымның атасы деген сөз бар. Белгілі академик Асқар
Жұмаділдаев оқушылар жастайынан математиканы жақсы білсе, басқа салаларда да
жетістікке тез қол жеткізеді дейді.
Асқар Жұмаділдаев, академик:
Балаларды ғылымға тарту ең бірінші мақсат, балаларға жақсы білім беру. Есептерінің барлығы кластың программасынан шығады. Бірақ ол оңай есептер емес, және аса қиын да есептер емес. Бұны шығару үшін бас істеу керек. Ұшқыр ой керек, логика керек. Еңбек еткен бала жеңіп шығады.
ФЕМО олимпиадасының ерекшелігі бұл сайыстың есептерін дайындап, ұйымдастырушы
өзіміздің қазақстандық мұғалімдер. Алғашында Қазақстанда ғана өтетін олимпиада
бүгінде халықаралық сипат алды.
Ал Анталияға келген оқушылар мен ата аналар тек сайысқа
қатысып қана қоймай, қаланың көрікті жерлерін аралап, демалып та үлгерді. Бұған
Қазақстанның Анталиядағы Бас консулдығы мен қала билігі мұрындық болды. Айдос
Әшімұлы ҚҰА Түркиядан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы