«Отбасы банк» жылдық бірыңғай мөлшерлемені 8,5% деп белгіледі
«Отбасы банк» жылдық бірыңғай мөлшерлемені 8,5 пайыз деп белгіледі. Енді, ертеңнен бастап аралық қарыздың пайызы барлығына бірдей болады. Ал, қарыз алу үшін талаптар өзгерген жоқ. Бастысы - екі шартты орындау қажет, біріншіден, үй құнының
50%-ын шотқа салу. Екіншісі - ақша банкте кемінде 6 ай тұруы керек. Бұл бағалау көрсеткіші кем дегенде 5-ке жетуі үшін қажет. Мысалы, егер сіз 30 млн теңге несие алсаңыз, бұрынғы 7,5% бен қазіргі 8,5% арасындағы айырмашылық айына шамамен 12 000-20 000 теңге төңірегінде ғана болады. Сонымен қатар несиені өзіңізге ыңғайлы тәсілмен төлей аласыз. Бекітілген мөлшерлеме - жаңа немесе ескі үй алуға, жер телімін алу, үй салу және жөндеу жұмыстарына жүреді. Сондай-ақ «Өз үйім», «Кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» жобасы және «Әскери баспана» сияқты арнайы бағдарламаларға да қолданылады. Ал егер сіз 4 маусымға дейін мақұлдау алып қойсаңыз, несиені бұрынғы шарттармен рәсімдей аласыз. Сондай-ақ салымшылар үшін мемлекеттік 20% сыйақы сақталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы