Жетісу облысында қос әуежай инвестор басқаруына берілуі мүмкін
Жетісу облысындағы қос бірдей әуежай инвесторлардың басқаруына берілуі мүмкін. Қазір өңір әкімдігі қажетті құжаттарды әзірлеп жатыр. Осылайша Талдықорған және Үшарал әуежайы ашық конкурсқа шығарылады. Кәсіпкер нысандарды 5 жыл бойы сатып алу құқығынсыз басқарады. Осы уақыт ішінде жолаушылар нөпірін арттырып, жаңа әуе бағыттарын ашу, инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасын халықаралық талаптарға сай жаңғырту міндеті жүктеледі. Айта кетейік, былтыр қос әуежай 46 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсеткен. Ал жобаның негізгі мақсаты – жеке инвестиция тартып, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін күшейтіп, авиациялық инфрақұрылымды дамыту.
Сырым Каукеев, «Жетісу» әуекомпаниясы Талдықорған әуежайының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті:
Инвесторлар әуежайға өз қаржысын құйып, оны әрі қарай дамытады. Инфрақұрылымды жақсартып, жүк тасымалын жолға қою жоспарда бар. Оның пайдасын кәсіпкерлер де көреді. Өйткені бұл әуежайлар Қытайға жақын орналасқан, сондықтан логистика саласын дамытуға мүмкіндік көп. Оның үстіне өңірде туризм де қарқынды дамып келеді. Сол себепті бұл жоба екі тарапқа да тиімді болмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы