Басты Жаңалықтар Қазақстан – Ресей: Өнеркәсіптік кооперация саласында ортақ жобалар көбейді

Қазақстан – Ресей: Өнеркәсіптік кооперация саласында ортақ жобалар көбейді

Қазақстан мен Ресейдің арасындағы өнеркәсіптік кооперация саласында ортақ жобалардың саны артты. Өндіруші сектордан бастап жоғары технологиялық машина жасау саласына дейін барлығы 180-ге жуық жоба жүзеге асырылған. Құны 10 млрд доллар болатын тағы 24 жоба қолға алынды.

Екі тарап өнеркәсіптік кооперацияға, кәсіпорындардың технологиялық деңгейін арттыруға және екі елдің бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға баса мән берді. Осы күнге дейін жаңа жобалар жүзеге асырылып, қосымша 64 мың жұмыс орны ашылған.
Марина Калинина, тау-кен комбинатының өкілі:
Қазақстанмен әріптестік орнатқымыз келеді. Себебі бұл ел инвесторлар үшін де, бизнес үшін де қолайлы. Еуропа елдерімен, Беларусь республикасымен бірнеше ілкімді жобаны жүзеге асырған едік. Енді Қазақстанмен де байланыс күшеюде.
Соңғы бес жылда екі елдің агроөнеркәсіп саласындағы сауда көлемі 1 млрд долларға артқан. Инвестициялық ынтымақтастық қарқынды түрде дамып келеді. Ресей Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестиция бойынша көш бастап тұр. Жалпы инвестиция көлемі 29 миллиард доллардан асты. Жыл сайын өңіраралық серіктестік форумдары ұйымдастырылады.
Максим Калинин, кәсіпкер:
Мен бұл форумға Солтүстік Қазақстан облысынан келдім. Біздің өңір Челябі облысымен шектеседі. Осыған дейін Қорған облысына өз өнімдерімізді импорттасақ, енді Челябіге де тауар жеткізсек дейміз.
Алдағы уақытта транзиттік дәліздің тартымдылығын арттыру көзделуде. Шекаралық өткізу бекеттерінде жолақ саны артады. Бұл шекарадағы кептелістің азайып, алыс-берістің артуына сеп болмақ.


Бөлісу