Басты Жаңалықтар ЕАЭО: Саяси мүдделер бір арнаға тоғысты

ЕАЭО: Саяси мүдделер бір арнаға тоғысты

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер бірқатар стратегиялық бағыты талқылап жатыр. Негізгі басымдық – ортақ цифрлық кеңістікті дамыту мен жасанды интеллект технологияларын экономикаға енгізуге беріліп отыр. Цифрлық интеграция тараптарға не береді? Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында тағы қандай бастамалар көтерілмек? Жиынның жайын тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндауға дайын.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда мен логистика саласына жасанды интеллектіні белсенді енгізуді қолдайды. Сондықтан жедел цифрлық трансформацияны қамтамасыз ету үшін одақ мемлекеттерімен әріптестік пен ынтымақтастыққа ашық. Алдағы уақытта  кедендік рәсімдерді жеделдету үшін ұлттық цифрлық жүйелердің өзара ықпалдастығын күшейту қажет. Дүйім жұртқа мәлім қазір Қазақстан цифрландыру көрсеткіштері жағынан Орталық Азияда көш бастар тұр, әлемдік рейтингте де өз орнымыз бар. Көршілер де көштен қалмай келеді. Сондықтан сандық интеграцияның уақыты келді деп есептейді сараршылар. Ресми ақпараттарға сүйенсек, 2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 22 трлн доллардан асады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында тараптар өнеркәсіптік кооперацияны күшейтіп, одақ ішіндегі сауда кедергілерін азайту мәселесін кеңінен талқылар жатыр. Бұдан бөлек, логистика мен халықаралық көлік дәліздерін дамыту, үшінші елдермен экономикалық байланысты кеңейту жайы да сөз болды. Отырыста айтылған басқа да жаңалықтар мен бастамалар жайлы Ақпараттың алдағы шығарылымдарында тарқатыр айтамыз.


Бөлісу