Қызылордада екі зауыттың іргетасын құйды
Қызылорда қаласының индустриалды аумағында санитарлық бұйымдар мен шыны ыдыстарын өндіретін қос зауыттың іргетасы қаланды. Жаңа өндіріс орындарын салуға шетелдік компаниялар 104 миллиард теңге инвестиция құйды.
Испандық «Roca Group» сантехникалық жабдықтар өндірумен айналысатын әлемдегі
ірі компаниялардың бірі. 110 жылдық тарихы бар шетелдік кәсіпорын жаһан бойынша
79-шы зауытын Сыр өңірінде салып жатыр. Ал құрылыс екі жылға жоспарланған. Және
мұнда 300-ге жуық адам тұрақты еңбек ететін болады.
Даниэль Эрнандес, инвестор:
Қызылорданы таңдаған себебіміз, бұл логистикалық тұрғыда өте қолайлы өңір. Автожолмен де, теміржолмен де өнімдерді кез-келген бағытқа жіберуге мүмкіндік бар. Тіпті халықаралық талапқа сай әуежайы да бар. Және де өндіріске қажетті шикізатты да осы жерден табуға болады. Сондықтан біз зауытты Қызылордада саламыз деп шешім қабылдадық.
Жоба құны 44 миллиард теңге. Жергілікті билік тарапынан шетелдік инвесторға қолайлы жағдай жасалған. 24 гектар жер телімі бөлініп, индустриялық аумаққа қажетті инфрақұрылымдық жүйелер тартылды.
Мұрат Ергешбаев, Қызылорда облысының әкімі:
Мемлекет басшысы қазір тікелей тапсырма беріп жатыр. Елімізге негізінен инвестиция тарту мәселесі. Бұл жерде инвестицияның көлемі 44 млрд теңге тұрады. Жалпы 500 мың дана сантехникалық заттарын шығарады. Тек қана Қазақстан бойынша ғана емес Орталық Азия шетелге шығаратындай осындай жоспарлары бар.
Іргелі өндірістің аумағы 38 гектар болады. Құрылыс
жұмыстары 2027 жылдың аяғына дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы