Инвесторлар қосарланған салықтан босатылуы мүмкін
Қазақстандық және омандық инвесторлар қосарланған салықтан босатылуы мүмкін. Яғни олар тапқан табысы бойынша жұмыс істеп отырған елге ғана салық төлейді. Сенат Оман Сұлтандығымен салық заңнамасын сәйкестендіретін заңды мақұлдады. Құжат екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және инвестиция тартуға бағытталған. Қазір елімізде аталған мемлекеттің капиталымен жеті мекеме тіркелген, оның алтауы жұмыс істеп тұр. Ал отандық бизнесмендер Оман нарығына енді қадам басуы ықтимал. Келісім күшіне енсе, қазақстандық кәсіпкерлер сол елдің заңы бойынша тек табыс салығын төлейді. Ал омандық компаниялар корпоративтік, жеке табыс және мүлік салығын төлеуге міндеттеледі.
Сұлтанбек Мәкежанов, Сенат депутаты:
Құрылымдық тұрғыдан алғанда Келісім келесідей мәселелерді реттейді: салық салу мақсатындағы резиденттікті анықтау, тұрақты мекеме құру, салықтық ақпарат алмасу тәртібі, жеңілдіктерді шектеу туралы баптар және тағы басқа да мәселелер. Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға, шетелдік капитал мен технология тартуға, кәсіпкерлер үшін түсінікті әрі тұрақты салықтық орта қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, қазірге дейін Қазақстан әлемнің 55 елімен дәл осындай келісімге
қол қойған. Оманмен орнатылған бұл серіктестік екі ел арасындағы экономикалық
байланысты жаңа деңгейге көтеруге сеп болмақ.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14