Талдықорғанда жоғалып кеткен баланың денесі табылды
Кеше түнде Талдықорғанда 7 жастағы ерекше күтімді қажет ететін Данияр Айбек есімді бала жоғалып кетті. Жеткіншектің жақындары көз жазып қалғанын «102» желісіне сағат 19:50 шамасында хабарлаған. Осыдан кейін полиция қызметкерлері мен еріктілер бірден іздеу жұмыстарына кірісіп, аулалар мен алаңдарды, Қаратал өзенінің жағасын түгел тексерді. Өкінішке қарай, бірнеше сағатқа созылған іздеуден кейін баланың денесі таңғы сағат 05:00 шамасында өзен маңынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға батып кеткен болуы мүмкін. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Құзырлы орган ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Автор
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14