Шетелдік инвесторларға «Алтын виза» беріледі
Қазақстанда шетелдік инвесторларға арналған «Алтын виза» енгізіледі. Сондай-ақ сырттан келетін мамандарға елге кіру жеңілдейді. Астанада көші-қон саясатын жетілдіру мәселелері талқыланды. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, ғалымдар, сарапшылар және бизнес өкілдері көші-қон ережелерін жеңілдетуге қатысты пікір алмасты. Өйткені бұл ел экономикасына қажет тетік. Мәселен әлем бойынша бүгінде 300 млн-нан астам еңбек мигранты бар. Ал бізде 17 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істеп жүр.
Әлия Белоусова, Халықаралық
көші-қон ұйымы миссиясы басшысының м.а.:
Әлемде қазір еңбек мигранттарына сұраныс артып келеді. Әсіресе білікті мамандарға қажеттілік өскен. Сондықтан Қазақстан да шетелдік ивесторлар мен мамадарды тартуды көздейді. Бұл әлемдік тенденция, тренд десек те қателеспейміз. Дегенмен бізге қазір қандай салалар бойынша білікті мамандар қажет екенін нақтылап алу маңызды.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15