Алматылық өнерпаздар Грузияда өткен халықаралық байқаудан жүлделі оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық өнерпаздар Грузияда өткен халықаралық байқаудан жүлделі оралды

22.07.2019

Жерлестеріміз кіл мықтылар сайысқа түскен жарыста ән айту, көркем сөз оқу, аспапта ойнау номинациялары бойынша өнер көрсетіп, шетелдіктерді тәнті еткен. Жас таланттармен тілшіміз Нұрхан Нұрланұлы жүздесіп қайтты.

Мына балалардың қуанышында шек жоқ. Олар дәл осындай жетістікке жетеміз деп ойламаған. Себебі Еуропаға елімізден 20 бала аттанса, солардың бәрі жүлделі орын иеленіп келді. Аталған байқауға Ресей, Тәжікстан, Латвия, Литва, Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия мемлекеттерінен келген 300-ден астам өнерпаз қатысқан.

Маржангүл Құдайбергенова, қала тұрғыны:

Қазақ балалары өте жоғарғы деңгейде өнер көрсетті. Киімдері де күшті болды. Өнер жағынан да өздерінің Қазақстан елінен келгенін көрсете алды. Гран-при дегенде қатты қуанып, көзімізге жас алып, қуандық.

Бұл халықаралық байқау алтыншы рет ұйымдастырылды. Ал оған жерлестеріміз биыл бірінші рет шақырту алып, қатысқан.

Лариса Мақсатқызы, продюсер:

Қатысушылар өте көп келді. Қатысушылардың дайындығы өте жоғары деңгейде екен. Енді бірінші рет сондай халықаралық байқауға барып тұрғаннан кейін, салыстырмалы деңгейде қарағанда, ол жақта конкурс ұйымдастыру жағы, қатысушыларға қойылатын талап өте жоғары екен.

Жас өнерпаздар бірнеше кезеңнен өтіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Халықаралық сарапшылар да олардың өнеріне жоғары баға берген. Жерлестеріміз енді күзде Францияда өтетін ауқымды жобаға әзірленіп жатыр.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу