Халықаралық «Бақытты бала» ән байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық «Бақытты бала» ән байқауының жеңімпаздары анықталды

15.07.2019

Ақтөбеде халықаралық «Бақытты бала» ән байқауы өтті. Бұл - Димаш пен оның ата-анасының ұйымдастыруымен қолға алынған жоба.

Әлемнің 9 елінен келген балғын өнерпаздардың арасында ресейлік «Голос.Дети» байқауына қатысып, танылып үлгерген әнші де болды. Жас дарындардың өнерін Ресей, Украина және қазақстандық қазылар бағалады. Нәтижесінде, осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараның бас жүлдесіне екі өнерпаз лайықты деп танылды. Олар Нұр-Сұлтан қаласынан келген Айгерім Тілеубек пен Ресейдің Түмен қаласының тұрғыны Ислам Балкоев.

Жас ізбасарларымен кездесуге Димаш Құдайбергеннің өзі де арнайы келіп, ыстық ықыласын жеткізді. Ол бас жүлдені жеңіп алған Айгерім Тілеубекке ерекше сый жасады. Жас әнші Санкт-Петербургте өтетін Димаштың концертінде ән шырқайтын болады. Айта кетейік, былтырғы «Бақытты бала» байқауында Ержан Максим жеңімпаз атанған болатын.

Ержан Максим, байқау қонағы:

Балалардың бәріне сәттілік тілеймін. Менің өмірімдегі ең жақсы конкурс «Бақытты бала» деп ойлаймын.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу