Басты Жаңалықтар Алматыда су үнемдеу мәселесі талқыланды

Алматыда су үнемдеу мәселесі талқыланды

Күнделікті тұрмыста суды бей-берекет қолданбау, жылына 265 миллион текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жуынып, үй жинағанда,  кір жуу кезінде қарапайым ережелерді сақтау – болашақта су тапшылығын болдырмауға әсер етеді. Бүгін осы тақырыпты тереңірек қаузау үшін еліміздің 18 жоғары оқу орнында бір мезетте «Суды үнемде – болашақты сақта!» деген тақырыпта экосағат өтті. Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде ұйымдастырылған шараға Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов қатысты. Жиналғандар суды үнемдеудің маңызы мен ресурстарды тиімді пайдалану жайлы ой бөлісті. Сондай-ақ сала министрілігі жылына 1,7 миллиард текше метр суды үнемейтін тәсілдердің енгізіліп жатқанын айтты.

Қайратғали Хайрулла, «Су ресурстарының ақпараттық талдау орталығы» КАҚ басқарма төрағасы:

Бірінші ауыл шараушылығындағы су үнемдеу технологияларын енгізу. Министрлік 80 пайызға дейін субсидия көлемін көбейтті. Су үнемдеу технологиясын пайдаланбасаңыз, 2028 жылдан бастап субсидия болмайды. Ал өнеркәсіп бойынша екі жыл дайындық беріледі. Екі жылда олар жоспарларын енгізу керек, суды қайта пайдалану жұмыстары бойынша өнеркәсіпте, 5 жылдың ішінде технологияға енгізу керек.


Бөлісу