Алматыда халықаралық InnoTech университеті ашылды
Алматыда АҚШ-тың танымал Arizona State University-мен бірлескен халықаралық InnoTech университеті ашылды. Бұл – оқу ордасы студенттерге шетелдік тәжірибе мен жаһандық мансапқа жол ашады,- деген сөз.
Ашылу рәсіміне Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қатысты. Университет студенттерді Arizona State University бағдарламалары негізінде оқытып, оларға қос диплом алуға мүмкіндік береді. Тәлімгерлер IT, бизнес, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және деректер талдауы сынды бағыттар бойынша білім алады. Биыл талапкерлерге арналған жаздық 8 апталық дайындық курсы іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал күзге қарай 300-ден астам студент қабылданады.
Айта кетейік, 2036 жылға дейін бұл оқу орнында 10 мыңнан астам студент оқиды
деген болжам бар.
Біздің мақсатымыз – үлкен кампус ашу. Ол осы біздің ғылым қаласында болады. Ол бір экожүйе. Ол экожүйенің ішінде біздің университетіміз инновация тарапынан, ғылым тарапынан экспертиза білім, ғылым осы АҚШ-тан әкелеміз. Сондықтан осы экожүйенің бір бөлшегі боламыз. Талапкерлерге бұл университетте ағылшын тілінде жүргізіледі. Сондықтан ағылшын тілі міндетті, сонымен қатар біздің мына ҰБТ-ны тапсырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы