Англияға барамыз деп алданып қалды
Жамбыл облысының бір топ тұрғыны Англияға жұмысқа орналастырам деп ақшаларын алып кеткен алаяққа алданып қалды. Британияға бармақ болғандар бір жыл бұрын Астана тұрғынының желідегі жарнамалық жазбасын көріп қалады. Ақшаның астында қаласың деген маркетингтік мәтіннен кейін 10-нан аса адам жолға дайындалады. Сөйтіп жұмыспен жарылқаймын деген адамға 5 миллион теңгеден аса қаржы берген. Ақшаны алған делдал жылыжайда жұмыс істейсіңдер деп уәде еткен. Алайда Тұманды Альбионға ұшатын күні жасалған құжаттары жалған болып шыққан. Алданғанын білген азаматтар бірден полицияға арызданыпты. Бірақ бір жылдан бері қылмыстық істен қайыр болмай тұрған сыңайлы.
Нұрғиса Ибрагим, қала тұрғыны:
Қазір туған-туысқандардың барлығына жексұрын болдық. Алаяқ біз болып тұрмыз. Жұмысымыздан айырып отыр ғой. Кетесіз, жұмысыңыздан шығыңыз дегенде біз өз еркімізбен жұмыстан шықтық. Күніге осы екі ортаны тоздырып жатырмын. Мен генералға 5 рет кірдім, нәтиже жоқ.
Алданғандар «күдікті пәтерін сатып шетелге қашып кеткенінен тергеушілер бейхабар» дейді. Полиция департаментінің қызметкерлері болса қылмыстық іске қатысты күдіктінің 29 жаста екенін айтты. Ал жедел іздестіру шарасы 8 ай бойы тоқтамаған.
Уәлихан Ағыбаев, облыстық Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:
Оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Жедел іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдікті тұлғаны ұстауға жан-жақты, барлық шара атқарылуда.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07